Зеленскийге ашық қоқан-лоқы

Самал Асқар 10 қаң. 2026 09:59

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы Адам Қадыров Украина президенті Владимир Зеленскийдің атына қатаң әрі қоқан-лоқы сипатындағы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлеуметтік желіде жарияланған жазбада Адам Қадыров Зеленскийді ауыр сөздермен айыптап, оны "шындықтан ажыраған" деп сипаттайды және тікелей қауіп айтады.

"Өзін "Украина президенті" деп атайтын, шындықтан толық ажыраған киевтік нашақор тағы да менің әкем – Рамзан Ахматович Қадыров туралы бірдеңе айтып жүр. Амалсыздықтан бұл сайқымазақ қожайындарынан “Рамзан Қадыровты Америкаға жеткізіп беруді" сұрап отыр. Бұл адам ретінде де, саясаткер ретінде де толық күйрегенінің айқын белгісі.
Егер Жоғарғы бас қолбасшы Владимир Владимирович Путин немесе менің әкем бір ауыз сөз айтса, біз сені қай жерде болсаң да табамыз. Бұл тек уақыттың еншісіндегі мәселе. Біз ешқандай операция жарияламаймыз. Жай ғана келеміз де, сені алып кетеміз", – делінген жазбада.

Бұл мәлімдеме желіде жылдам тарап, қоғам назарын аударды. Қолданушылар оның мазмұнын тікелей қоқан-лоқы ретінде бағалап, агрессивті риторикасын талқылауда.

Материал жарияланған сәтте Украина тарапы мен Ресейдің ресми органдары тарапынан бұл жазбаға қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар