Зеленский Трамппен келіссөз жүргізу үшін АҚШ-қа барды

Зеленский Трамппен келіссөз жүргізу үшін АҚШ-қа барды
Фото: Anna Moneymaker / Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа барып, ел президенті Дональд Трамппен келіссөз жүргізеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Bloomberg агенттігінің мәліметінше, кездесуде Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін күшейту, Patriot зымыран кешендерін жеткізу және оларды бірлесіп өндіру мәселелері талқыланады.

Бұдан бөлек, тараптар Украинаға көрсетілетін әскери көмекті жалғастыру, соғысты дипломатиялық жолмен аяқтау мүмкіндіктері мен Ресейге қарсы санкцияларды күшейту мәселесін де күн тәртібіне шығаруы ықтимал.