Синоптиктер 30, 31 мамырға және 1 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Елдің солтүстігі, оңтүстігі және батыс аймақтарында атмосфералық фронттар өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
30-31 мамырда Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал. Кейбір жерлерде жел күшейеді.
Республиканың өзге өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Күндізгі ауа температурасы батыста +20…+25 градусқа дейін, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда +23…+38 градусқа дейін, оңтүстікте +30…+40 градусқа дейін көтеріледі.