Зайсандағы жазатайым оқиғаның себептерін мамандар анықтап жатыр

Dalanews 15 қаз. 2023 16:20 730

Зайсан ауданындағы қайғылы оқиға орнына өңір басшысы Ермек Көшербаев келіп, барлық жұмылдырылған қызметтердің басшыларымен жедел кеңес өткізді. Бұл туралы ШҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Оқиғаның себептері мұқият тексерілетін болады, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Зайсан қаласында қоғамдық моншаның жылыту қазандығы жарылып, бір адам қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл сол моншаның қожайыны. Зардап шеккен тағы екі адам бар.

ШҚО ТЖД мәліметтеріне сүйенсек, жылыту қазандығы жеке ғимаратта орналасқан, моншаның өзіне зақым келмеген.

Құтқарушылар қаза тапқан адамның денесін алып шықты, зардап шеккен тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.


Бүгін объектіде инженерлік зертхананың анықтаушылары мен қызметкерлерінің жұмысы басталады. Оның нәтижелері ары қарай тергеу жүргізу үшін құқыққорғау органдарына беріледі.

Аймақ билігі бұл жағдайды дереу бақылауға алды. Барлық қызметтер жұмылдырылды. www.altaynews.kz  сайтына  ақпарат көзі ретінде сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар