Қазақстанда кейбір мамандардың жалақысы 2,5 есеге дейін өседі, деп хабарлайды dalanews.kz.
Елде 2030 жылға дейінгі ветеринарияны дамыту жоспары бекітілді. Соған сәйкес ветеринариялық ұйым қызметкерлерінің жалақысы 1,5-2,5 есеге дейін өсуі мүмкін.
Сондай-ақ, билік жабдықтарды жаңартуға, жануарлар арасындағы қауіпті аурулармен күресті күшейтуге және жүйені цифрландыруды жалғастыруға уәде беріп отыр.
Қазір елде 67 ветеринариялық бекет жұмыс істейді, ал жануарлар мен өнімдер туралы деректер біртіндеп электрон форматқа көшіріліп жатыр.