Алматы мен Гонконг арасында тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұл туралы Қытайдың Гонконг арнайы әкімшілік ауданының басшысы Джон Ли премьер-министр Олжас Бектеновпен кездесуде мәлімдеді.
Үкіметтің баспасөз қызметі мәліметінше, келіссөз барысында Джон Ли гонконгтық әуе компанияларының бірі келесі жылдан бастап Алматыға тікелей рейс ашуды жоспарлап отырғанын айтқан.
Тараптар болашақта Қазақстан мен Гонконг арасындағы әуе бағыттарының географиясы мен рейстер саны кеңейетінін де атап өтті.
Бұл шаралар туристік байланысты нығайтып, жолаушылар санын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл қадам туризм саласының дамуына қосымша серпін береді деп болжанып отыр.