Жексенбіде таңертең Жапонияның Иватэ префектурасы жағалауында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Алғашқы дүмпуден кейін алтыдан аса афтершок болған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Елдің метеорология агенттігі цунами қаупі жоқ екенін хабарлаған. Бейсенбі күні де дәл осы өңірде магнитудасы 7,2 болатын жер сілкінісі тіркелген еді. Мамандар тұрғындарға алдағы бір апта бойы сақтық шараларын ұстануға кеңес берді.
Алдын ала мәлімет бойынша табиғи апаттан қаза тапқандар жоқ. Тұрғын үйлер, көліктер немесе басқа да нысандар бүлінгені туралы ақпарат та тіркелмеген.
Жер сілкінісінен кейін Жапония билігі шұғыл қызметтердің жұмысын үйлестіру, жағдайды бақылау және қажет болған жағдайда зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жедел штаб құрған.