Петропавлда жүргізуші жол апатына ұшырап, көлігін тастап кеткен. Оның ішінде мас күйдегі екі жолаушы қалған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ер адам қаладан шығар кезде полицияның тоқтау туралы талабына бағынбай, жоғары жылдамдықпен теміржол өткелі маңындағы жол қоршауына соғылған.
Осыдан кейін жүргізуші көліктен шығып, кетіп қалған. Сол сәтте көліктің ішінде екі жолаушы болған. Олардың бірі өздігінен шыға алмай қалған. Оны полиция қызметкерлері құтқарған.
Осыдан кейін бірден көлік өртеніп кеткен.
55 жастағы жүргізуші көп ұзамай ұсталды. Оған полицияның талабына бағынбау, жол апатын жасау және оқиға орнын тастап кету бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған.