Заңсыз құрылыс салған: Болат Назарбаевтың ұлына айыппұл салынды

Азамат Қойшығара 20 нау. 2024 12:46 3118

Бұрынғы президенттің інісі Болат Назарбаевтың Майра Құрманғалиевадан туған ұлына айыппұл салынды, деп хабарлады Dalanews.kz.

22 жастағы Ханболат Назарбаев Астанада заңсыз құрылыс жүргізгені үшін назарға ілінген. Елордадағы Тәуелсіздік даңғылы бойынан сауда ойын-сауық орталығын тұрғызбақ болған. Ал бұл жерде бұған дейін қонақүй мен мейрамхана болған.

БАҚ-қа тараған дерекке қарағанда, жер телімі 2020 жылдың ақпан айында, Ханболаттың туған күнінен кейін сыйға тарту шарты бойынша берілген. Ол нысанды салуға тиісті рұқсат алмай және алдын ала ескертпестен сол жердегі кешенді бұзып, орнына сауда орталығын салуға кірісіп кеткен.

"Жер заңнамасын және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнаманы өрескел бұзғаны үшін Ханболат Назарбаевқа 103 500 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар ол заңсыз нысанды бұзуға міндетті", - делінген тараған ақпаратта.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар