Қазақстанда UFC турнирі өтуі мүмкін: Дана Уайт Алматыда келіссөз жүргізді

Қазақстанда UFC турнирі өтуі мүмкін: Дана Уайт Алматыда келіссөз жүргізді
UFC

UFC ұйымының президенті Дана Уайт Қазақстанда аралас жекпе-жектен турнир өткізу мүмкіндігін тағы да қарастырып жатыр. 10 қарашада Алматыда ұйым өкілдерімен алғашқы турнирді ұйымдастыру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Келіссөз барысында Қазақстанда UFC турнирін өткізуге қатысты жоспарлар сөз болған. Алғашқы қадам ретінде Zuffa Boxing бокс кешін ұйымдастыру ұсынылуы мүмкін. Одан кейін елде UFC турнирін өткізу мәселесі қарастырылмақ.

Алайда әзірге тараптар арасында нақты келісім жасалған жоқ. Турнирдің өтетін күні мен орны да белгісіз.

Айта кетейік, Қазақстан бұған дейін де UFC турнирін қабылдауға дайындалған. 2020 жылғы маусымда Астанадағы «Астана Арена» стадионында Петр Ян мен Марлон Мораес жекпе-жек өткізуі керек болған. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты бұл жоспар жүзеге аспады.