Атырау облысында төрт адамды өлтіру ісі бойынша прокурор соттан айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында төрт адамды өлтіру ісі бойынша сот жарыссөзі басталды.
Айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның ата-анасын, ағасы мен әпкесін өлтірді деп айыпталып отыр. Қайғылы оқиға Жангелдин ауылында болған.
Сот жарыссөзі барысында мемлекеттік айыптаушы соттан айыпталушыны бірнеше бап бойынша кінәлі деп танып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Прокурордың айтуынша, Қылмыстық кодекстің 58-бабы 4-бөлігіне сәйкес Сұлтан Сәрсемәлиевке түпкілікті жаза ретінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау ұсынылған.