Freedom Inside '26

Жанәбіловтерден тәркіленген телефондар сатылымға шығарылды

Жанәбіловтерден тәркіленген телефондар сатылымға шығарылды
әлеуметтік желіден

Блогер Жанәбіловтерден тәркіленген 17 дана iPhone 16 смартфоны сатылымға шығарылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Онлайн сауда платформасындағы мәліметке сәйкес бір лоттың бастапқы бағасы 484 990 теңге деп белгіленген. Аукционға қатысу үшін 72 749 теңге көлемінде кепілдік жарна төлеу қажет.

Сауда-саттық 8 шілдеде сағат 10:00-де өтеді.

Айта кетейік, бұған дейін Жанәбіловтерден тәркіленген сегіз көлік те аукцион арқылы сатылымға шығарылған болатын.

Еске салайық, блогерлерге "Заңсыз кәсіпкерлік" және "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру" баптары бойынша айып тағылған болатын.

27 сәуірде Астанада өткен сотта Ерболат Жанәбілов мүлкі тәркіленіп, 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған еді.

Ал Эльмира Төлегенова мүлкі тәркіленіп, қауіпсіздігі ең төмен мекемеде 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда кішкентай балалары болуына байланысты жазаны өтеу мерзімі 2 жылға шегерілді.