Жанәбіловтерден тәркіленген сегіз көлік мемлекеттік органдарға берілді

Жанәбіловтерден тәркіленген сегіз көлік мемлекеттік органдарға берілді
әлеуметтік желіден

Сотталған блогерлер Жанәбіловтерден тәркіленген сегіз Hyundai Elantra көлігі мемлекеттік органдардың теңгеріміне берілді, деп хабарлайды dalanews.kz.

E-Qazyna порталында 7 шілдеде сағат 10:00-де аукцион өтті. Алайда әзірге тәркіленген көліктер нақты қай мемлекеттік органдарға берілгені жарияланған жоқ.

Бұған дейін Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мемлекеттік органдар көліктерге қызығушылық танытпаған жағдайда олар ашық электрон аукционға шығарылатынын мәлімдеген еді. Мұндай жағдайда саудаға кез келген азамат қатыса алады.

Алайда аукцион өткендіктен, көліктер мемлекеттік органдарға берілген.

Мемлекеттік органдар бұл көліктерді қандай бағада сатып алғаны көрсетілмеген. Әр көліктің бағалау құны - 8 млн 395 мың теңге. Барлығы 2025 жылы шыққан. Олар - қара, сұр, көк, қызыл, жасыл және ақ түсті көліктер.