«Заң мен тәртіп болмаса, еркіндік те, әлеует те жоқ». Трамп пен Тоқаевтың сөзі ұқсас шықты

Dalanews 22 қаң. 2025 08:55 78

Дональд Трамп инаугурация алдында бірнеше рет «заң мен тәртіп» тезисін қайталап, Жаңа Американың негізі дәл осы идеологияға құрылатынын айтты. Осындай сөзді 2024 жылғы Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев та айтқан болатын.

Саясаттанушы Марат Шибұтовтың пікірінше, бұрын адамдар үшін еркіндік басты құндылық сияқты болған. Кейін әл-ауқат бірінші орынға шықты. Содан кейін бәрі өз-өзін дамытуға ұмтылды. Дегенмен қазір бір нәрсені түсіну керек: заң мен тәртіптің негізі қаланбай бұл құндылықтардың ешқайсына қол жетпейді.

Тоқаев мұны түсінді. Біздің еліміз шағын, сондықтан процестер тезірек дамиды. Осыған байланысты ол бірнеше жыл бұрын заң мен тәртіпке басымдық беріп бастады. «Экономика да, қоғам да онсыз тұрақты дами алмайды», деп есептейді ол. Ал АҚШ – мүлдем басқа әңгіме. Алып та мығым ел. Бірақ соның өзінде ішкі мәселелері – нәсілдік толқулар, қылмыстың өсуі, заңсыз миграция оны да шайқалта бастады, дейді Шибұтов.

Оның сөзінше, Америка бұл мәселелерге ұзақ уақыт бойы көз жұмып келгенімен, енді, олардың қоғамы ішкі қауіп-қатерлерге тап болды. Сондықтан Трамп та «заң мен тәртіп – біз қайтарып алатын нәрсе», деп мәлімдеп отқанын айтады.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар