Жамбыл облысында Wi-Fi сұрай келген туысы оқушы қызды зорлаған

Жамбыл облысында Wi-Fi сұрай келген туысы оқушы қызды зорлаған
Хабар 24

Жамбыл облысында екінші сыныпта оқитын қызға жыныстық зорлық-зомбылық жасаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Сот оны кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды dalanews.kz 24.kz-ке сілтеп.

Телеарна мәліметінше, оқиға облыстағы ауылдардың бірінде болған. Оқиға күні ата-анасы балаларын атасына қалдырып, шаруаларымен қалаға кеткен. Үйде көзі көрмейтін қария, екінші сыныпта оқитын немересі және бесіктегі сәби ғана болған.

Сол күні түскі уақытта үйге алыс туысы келіп, Wi-Fi-дың құпиясөзін сұраған. Тергеу дерегіне сәйкес үйде ересектер жоқ екенін пайдаланған ер адам қызды алдап, оған жыныстық зорлық-зомбылық жасаған. Кейін ештеңе болмағандай баланы далаға ойнауға жіберіп, өзі кетіп қалған.

Кешке жұмыстан оралған анасына қыз өзін жайсыз сезінетінін айтып, күндіз болған жайтты баяндаған. Әйел бірден полицияға хабар берген.

Ал сараптама нәтижесі баланың сөзін толықтай растаған.