Жамбыл облысында полицейлер 123 келі марихуананы сатпақ болған тұрғынды ұстады

Жамбыл облысында полицейлер 123 келі марихуананы сатпақ болған тұрғынды ұстады
polisia.kz

Жамбыл облысының Шу ауданы Тасөткел ауылы маңындағы құмды алқапта есірткі өсімдіктерін жинап жүрген тұрғын анықтады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ол сол аумаққа екі шатыр құрып, қаптарға тыйым салынған затты жинап отырған. Барлығы 123 келі кептірілген марихуана тәркіленді. Сондай-ақ қолғаптар, орақ және тағы басқа құралдар алынды. Күдікті бұл марихуананы сатпақ болған.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша барлық мән-жайды жан-жақты әрі толық анықтауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.