Жамбыл облысында ауыр жүк көліктерін бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Жамбыл облысында ауыр жүк көліктерін бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
ІІМ

Жамбыл облысында ауыр жүк көліктерін бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

23 қыркүйекте ІІМ Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен және прокуратурамен бірлесіп, осы өңірдегі шекара бекеті арқылы өтетін ауыр жүк, жолаушылар, жеңіл және транзит көлік жүргізушілерінен жүйелі түрде ақша бопсалады деген күдікпен қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты.

27 тінту іс-шарасы жүргізілді.

"Суық қару, байланыс құралдары, ірі көлемдегі қаражат, сондай-ақ, көліктер тәркіленді. Тергеу бір топ адам жасаған бопсалау дерегі бойынша жүргізіліп жатыр", - деді ІІМ өкілі.