Жамбыл облысында алабай 45 қойды жайратып салған

Жамбыл облысында алабай 45 қойды жайратып салған
ЖИ арқылы жасалған

Жамбыл облысында алабай 45 қойды жайратып салған. Осыдан кейін шаруа қожалығының иесі сотқа жүгініп, аудандық ветеринария бөлімі мен әкімдік аппаратынан шығынды өтеуді талап еткен, деп хабарлайды dalanews.kz.

Иесіз жүрген иттің иесі анықталмаған. Сот ветеринариялық қызмет қараусыз жануарларды аулау бойынша шараларды уақытында қабылдамаған деген қорытындыға келген.

Ал шаруа малдың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз етпеді деген уәждер сотта қолдау таппаған.

Келтірілген шығын көлемі 2,5 миллион теңгеден асқан. Сот осы соманы және сот шығынын аудандық ветеринария бөлімінен өндіру туралы шешім шығарды.

Ал әкімдік аппаратына қатысты талап қанағаттандырылмаған. Сот шешімі заңды күшіне енді.