Жабайы аңдар санағы жалғасып жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
28-29 сәуір аралығында Ақсу Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы аумағында мемлекеттік инспекторлар мен ғылыми қызметкерлердің қатысуымен жабайы аңдар санағы жүргізілді. Іс-шараға Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары да қатысты.
Санақ барысында жануарлар қауымдастығының сандық құрамы, таралу аймақтары және мекен ету ерекшеліктері кешенді түрде бағаланды. Жиналған дерек ғылыми-талдамалық өңдеуден өткізілді.
Жабайы жануарлар санағы нәтижесінде Тянь-Шань қоңыр аюы, Сібір тау ешкісі, арқар, қабан, елік және басқа да жануарлар тіркелді.
Аңдардың саны мен көбею көрсеткіштері тұрақты деңгейде екені анықталды.