Израиль АҚШ-тан Иранға қарсы әскери қадамдарды кейінге қалдыруды сұрады

Самал Асқар 14 қаң. 2026 09:15

Израиль өкілдері бейресми түрде АҚШ әкімшілігіне Иранға қатысты ықтимал әскери шараларды кейінге шегеруді ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

NBC News мәліметінше, израиль тарапы АҚШ-тың Ирандағы режимді өзгертуге бағытталған ұмтылысын қолдайтынын білдіргенімен, сыртқы әскери араласу «наразылық білдірушілер бастаған процесті аяқтауға кедергі келтіруі мүмкін» екенін ескерткен. Оның орнына Израиль билігі режимді әлсіретуге және шерушілерді қолдауға бағытталған балама қадамдарды ұсынған.

Атап айтқанда, бұл қатарда Ирандағы интернет байланысын жақсарту, экономикалық санкцияларды күшейту және кибершабуылдар жасау сияқты шаралар бар.

Жарияланымда араб елдерінің бір шенеунігі қазіргі таңда Иранға қарсы АҚШ-тың әскери әрекеттеріне көрші мемлекеттер тарапынан «ерекше құлшыныс жоқ» екенін айтқан. Ал тағы бір дереккөз «Израиль немесе АҚШ тарапынан кез келген шабуыл не шиеленіс ирандықтарды біріктіріп жіберуі мүмкін» деген алаңдаушылық білдірген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove