Исекешев Астана әкімі болды

Dalanews 21 мау. 2016 06:39 211

Астананың жаңа әкімі болып Әсет Исекешев тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Исекешев бұған дейін инвестиция және даму министрі болған.

Бұған дейінгі әкім Әділбек Жақсыбеков бүгін президент әкімшілігінің жетекшісі болып тағайындалған. Жақсыбековке дейін бұл қызметті Нұрлан Нығматулин атқарған.

Әсет Исекешев бұған дейін премьер-миинстрдің орынбасары, индустрия және сауда министрі, президенттің көмекшісі болған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар