Иранға жасалған соққы салдарынан 170-ке жуық оқушы мен мұғалім қаза тапты

Сағыныш Сардарова 02 нау. 2026 10:47

Иранға жасалған соққы салдарынан 170-ке жуық оқушы мен мұғалім қаза тапты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

АҚШ пен Израильдің шабуылдары салдарынан шамамен 170 оқушы мен педагог қаза тапқан. Бұл туралы Иранның Білім министрлігі мәлімдеді.

Бұған дейін Иран билігі АҚШ пен Израиль Хормозган провинциясындағы Минаб қалалық округінде орналасқан қыздарға арналған бастауыш мектепке соққы жасағанын хабарлаған еді.

Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастағаны, Тегеранда жарылыс естілгені хабарланды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove