Ирандағы ахуал: Тоқаев шұғыл тапсырма берді

Сағыныш Сардарова 28 ақп. 2026 16:29

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке күштік құрылымдар мен салалық министрліктердің жетекшілерімен бірге Ирандағы ахуал ушығуына және еліміздегі тұрақтылыққа қатер төндіру ықтималдығына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен барлық күштік құрылым тәуліктік жұмыс кестесіне көшірілді. Үкіметте Сыртқы істер министрлігі жетекшілік жасайтын арнайы мониторинг тобы жұмысқа кірісті.

Өңір әкімдеріне Таяу Шығыста болып жатқан жағдайды ескере отырып, шешім қабылдау тапсырылды.

Еске салайық, бұған дейін Израиль Иранға соққы жасағаны, Тегеранда жарылыс естілгені хабарланды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove