Иран мен Израиль атысты доғаруға келіскендерін растады

Кәмшат Тілеухан 24 мау. 2025 13:16

Израиль үкіметі Иранмен арада болған екі аптаға жуық тікелей әскери қақтығыстан кейін АҚШ президенті Дональд Трамптың атысты доғару туралы ұсынысына өз келісімдерін бергенін ресми түрде растады. Иран мемлекеттік телеарнасы да атысты доғару режимі басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Израиль билігінің мәлімдемесінде операцияның мақсаттарына қол жеткізілді, Израиль АҚШ-қа қорғаныс саласында көрсеткен қолдауы және "Иранның ядролық қаупін жоюға" атсалысқаны үшін алғыс білдіргені айтылады, деп хабарлайды Times of Israel.

Израиль негізгі екі, яғни ядролық және зымырандық қауіпті жойғанын мәлімдеді.

Егер атысты доғару режимі бұзылса, Израиль қарап қалмайтындығы да нақтыланды.

Ал Иранның Израильге қарсы әскери іс-қимылы тоқтатылғанын сейсенбіде, таңғы 4-00-де Иран СІМ басшысы Аббас Аракчи жеткізді.

"Біздің қуатты қарулы күштеріміздің агрессия танытқаны үшін Израильді  жазалау жөніндегі әскери операциясы соңғы минутқа, таңғы  -ке дейін жалғасты", - деп жазды Аракчи Х әлеуметтік желісінде.

Аракчи де Тегеран тарапынан алда арандатушылық туындаған жағдайда Вашингтонға қайта жауап беруге дайын екенін айтты. Сондай-ақ өз елін "қанының соңғы тамшысы, соңғы демі қалғанша" жау шабуылдарына тойтарыс беруге әрдайым әзір Иран әскеріне алғыс білдірді.

Айта кетсек, бұған дейін  АҚШ президенті Иран мен Израиль арасында атыс тоқтатылатынын, сондай тамаша келісімге қол жеткізілгенін хабарлап, баршадан сүйінші сұраған болатын.

"Барлықтарыңызды құттықтаймын! Израиль мен Иран арасында атысты тоқтату туралы толықтай келісімге қол жеткізілді (шамамен 6 сағаттан кейін, екі тараптың соңғы операциялары аяқталғаннан кейін) 12 сағат сағаттан кейін соғыс аяқталды деп саналады!", деп жазды ол желіде.

Оның айтуынша, ресми түрде атысты алдымен Иран доғарады, ал 12 сағаттан кейін оған Израиль қосылады.

"24 сағаттан кейін 12 күндік соғыстың ресми аяқталуын бүкіл әлем атап өтеді. Атысты тоқтатудың әр фазасында екінші тарап бейбітшілік пен сыйластықты сақтауға міндет алады. Бәрі ойдағыдай өтеді деп ойлаймын (және солай болады да)", - деп атап өтті Трамп.

Ол Израиль мен Иранға арасындағы қақтығысты "12 күндік соғыс" деп атауға болатын айтты.

"Мұның бүкіл Таяу Шығысты қирандыға айналдыратын ұзақ жылдарғы соғысқа ұласуы мүмкін еді. Бірақ олай болмады және оның беті арын қылсын!"- деді Ақ үйдің басшысы.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар