YouTube, TikTok өздерінен ақша тауып жүрген азаматтар туралы салық органына есеп ұсынады

Кәмшат Тілеухан 13 там. 2025 16:04

Қаржы министрі аталған платформаларда ақшалай сыйақы алатын қазақстандықтар төлеуге міндетті салық мөлшерін атады. Сөйтсе YouTube пен TikTok-та табыс табатын қазақстандықтар өз табыстары туралы есеп беруге міндетті екен, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Үкіметте өткен брифинг барысында  Қаржы министрі Мәди Такиев Қазақстан аумағында интернет-платформалары бар 179 компания тіркеуде тұрғанын айтты.

"Жеке тұлғалардың монетизациясы жүргізілетін Youtube, TikTok, Facebook-ке келетін болсақ, бұл компаниялар бізге өздерінде табыс тапқан адамдар туралы ақпарат ұсынып отырады. Бұл бізге салыстыру үшін қажет. Жалпы, жеке тұлға декларацияны өз бетінше ұсынуы керек. Ал оны ұсынбаған жағдайда келіп түскен табысты көріп, ол жайын ескертеміз, яғни декларация ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жолдаймыз", – деді Такиев. 

Айта кетсек, YouTube, TikTok, Facebook платформаларында сыйақы алатындар үшін салық 10%-ды құрайды.  

Бұған дейін елімізде TikTok желісіне шектеу енгізілуі мүмкін екендігі хабарланған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар