Иман Хелифтен ерлерге тән ХУ хромосомалары анықталды

Қаракөз Амантай 05 қар. 2024 15:01 2343

Париждегі Олимпиада ойындарында чемпион атанған алжирлік боксшы Иман Хелифтің гендерлік тестінен ерлерге тән генетикалық белгілері бары анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Француз журналисінің зерттеуі

Француз журналисі Джаффар Аит-Аудьяның айтуынша, медициналық тексеріс қорытындысына сәйкес, МРТ нәтижелерінен Хелифтің анатомиялық құрылымында аталық безі мен микропенис бары байқалған. Сонымен қатар, оның жатырының болмауы да есепке алынған.

Hindustan Times мәліметі

Hindustan Times-тың хабарлауынша, Иман Хелифтің гендерлік және биологиялық ерекшеліктері оның спорттық мансабына әсер еткен. 2023 жылы Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Нью-Делиде өткен әлем чемпионатына Хелифке қатысуға тыйым салған болатын. Соған қарамастан, ол Париж Олимпиадасында бақ сынап, чемпион атанды.

Сынға түскен жеңіс

Олимпиадада Хелифтің соққысынан кейін италиялық боксшы Анджела Карини айқастан бас тартқан. Бұл жайт жұртшылық арасында қызу талқыға түсті. Хелифтің жеңісі мен оның денсаулық жағдайы спорт әлемінде гендерлік сәйкестік пен әділдік мәселелерін қайта көтеріп отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар