Илон Маскқа тиесілі SpaceX компаниясы жасанды интеллект бағытында жұмыс істейтін xAI фирмасын сатып алды. Айта кетейік, екі компанияның да негізін қалаған Илон Масктың өзі, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Компанияның мәлімдеуінше, бұл бірігу ғарыш пен заманауи технологияларды бір жүйеге топтастыруға мүмкіндік береді. Яғни зымырандар, спутниктік байланыс, жасанды интеллект әзірлемелері және деректерді өңдеуге арналған инфрақұрылым бір тізбекке біріктіріледі.
Масктың айтуынша, мұндай қадам ғарышта деректер орталықтарын дамытуға жол ашады. Бұл орталықтар жасанды интеллектке қажет үлкен есептеу қуаттарын қамтамасыз ете алады.
Оның болжамынша, алдағы 2–3 жыл ішінде жасанды интеллект үшін есептеу қуатын алудың ең арзан әрі тиімді жолы дәл ғарышта орналасқан жүйелер болуы мүмкін. Яғни болашақта серверлер жер бетінде емес, ғарышта жұмыс істеуі ғажап емес.
