Астероид Жерге жақын ұшқанымен оның әсерін жер шары тұрғындары сезген жоқ. Мамандардың есебінше, астероид пен жер шарының арақашықтығы 8 миллион шақырымды құраған. Яғни, астероид Жер мен Айдың арасындағы 21 есе алыс қашықтықта ұшқан. Сондықтан ол жер шарына қауіп төндірмеген. Дегенмен мыңдаған жылдар бойы Жерді айналып ұшып жүрген Икар астероиді жыл өткен сайын Жерге жақындап келеді екен. Икар астероиді 9-19-38 жыл шамасында Жердің жанынан ұшып өтетінін ғалымдар анықтаған. Астрономдар 2090 жылы ол Жердің жанынан 6.5 миллион шақырым қашықтықта ұшып өтетінін алға тартуда.
Икар астероидін 1949 жылы неміс астрономы Вальтер Бааде АҚШ-тың Паломарск обсерваториясында ашқан болатын. Астероидтердің аполлон тобына жататын Икардың диаметрі бір шақырымға дейін жетеді.