ХИЛЛАРИДІҢ ТАҢЫ АТЫП КЕЛЕДІ

Dalanews 21 мам. 2015 22:07 901

712 сәуірде АҚШ-тың саяси өмірінде үлкен жаңалық болды.  Хиллари Дайэн Родхем Клинтон (оны таныстырудың қажеті шамалы) 2016 жылғы Президент сайлауына түсетінін ресми мәлімдеді. Ең қызығы әзірден-ақ оның бұл бәйгеде жеңіске жететіні айтылуда. Неге екен?

Клинтон ханым саясат сахнасында бұрыннан жүр. Әлем Хиллариді күйеуі Клинтон 1992 жылы АҚШ президенті болып сайланғаннан бері біледі. Содан бері федералды деңгейде бірінші ханымның (айтпақшы, Чикаго тумасы) позициясы өсумен болды.

Ал Билл екеуі... Биллмен 1971 жылы Йел университетінде танысады. 1973 жылы ол Құқық Докторы дәрежесін алды. Әрі қарай әдеттегідей. Отау құрды. Бала сүйді.

Университетті тәмамдап, аздаған уақыт сабақ бергеннен кейін Клинтон отбасы біржолата саясатқа кетеді. Жұбайлар үлкен жетістікке жетеді.

Алғашқысы: 1978 жылы Билл Клинтон Арканзас штатының губернаторы атанды. Заңгер Хиллари да бекер отырған жоқ. АҚШ-тың сол жылғы президенті Жимми Картер Хиллариді Арканзастағы заңгерлік қызмет Корпорациясының мүшесі қызметіне қабылдайды. Аталған штаттың бірінші ханымы ретінде ол 12 жыл бойы (1979-1981, 1983-1993) осындағы саяси-қоғамдық жұмыстарға араласады.

1993 ол денсаулық саласын реформалау комитетін басқарады, алайда ұзақ аялдаған жоқ. Шыны керек, Клинтонға аталған саланы реформалау ауырға соқты, қолынан келмеді. Бірақ, бұл арада кінә жалғыз онда емес. Медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жұмыс берушілер мен медициналық тауар өндірушілердің ғана емес, сонымен бірге Конгресстің де қарсылығын тудырды. Себебі, мұндағы республикашылардың саны басым-тұғын.
Ол Ресейдің көрші елдерге әскери-саяси және экономикалық қысымын күшейте түсерін баяғыдан айтып жүр. 2012 жылдың желтоқсанында Дублиндегі ЕҚЫҰ-ның отырысында былай деді:  «Кеңестендіру («советизация») Кедендік одақ пен Еуразиялық одақтың астарында жасырулы. Қателік жібермеуіміз керек. Біз мұндағы мақсатты (Ресейдің) жақсы білеміз. Бұл процеске кедергі келтіру және оны болдырмаудың тиімді жолын табамыз».

ЖАНЖАЛ...

1998 жылы  Ақ Үйде үлкен секс-жанжал шықты. Мұны басқалай айта алмаймыз. Хиллари саяси әрі эмоционалды тұрғыда үлкен тығырыққа тірелгенмен, мұнысын білдірген жоқ. Күйеуін ақтап, жақтап шықты, мұның бәрі «оңшылдардың ойластырғаны» деді.

Билл Клинтон АҚШ президентінің орынтағын босатқаннан соң Хилларидің екінші тынысы ашылды. Саяси Олимптің шыңына көтерілуді көздеді ол. 2000 жылы Нью-Йорк штатының сенаторы сайлауында жеңді. Бірнеше рет қайта сайланып, 2009 жылға дейін өз орынтағын босатқан жоқ.
Келесі кезек – Ақ Үй. 2008 жылғы президент сайлауында Хиллари негізгі фавориттердің бірі саналды. Бірақ, ол кезгі америкалық қоғам саяси сахнада жаңа тұлғаларды қажет еткен болатын. Бұл тұрғыда Барак Обама таптырмас кандидат еді. Ол Хиллариді ішкі партиялық бәсекеде де, артынша жалпыхалықтық сайлауда да басып озды.

Обама Клинтон ханымның керек боларын білді. Оған АҚШ Мемлекеттік хатшысының қызметін ұсынды. Осылайша Хиллари халықаралық деңгейге шығып, АҚШ-тың сыртқы саясат ведомствосын басқарған алғашқы әйел атанды. Бірақ, оның бұл қызметтегі жұмысын да табысты деп айтуға келмейді. Неге?

хилари сурети 3Нобель премиясының иегері (Обаманы айтамыз) диктаторлық жүйелерді бұзуға көшті, әскери операциялар жиіледі. Барак бір сөзінде тұрған жоқ: «Гуантанамо түрмесін жабамын» деген ол бұл ісін ақыры аяқтай алмай кететін түрі бар... Сол кезгі Американың сыртқы саясаты әлемнің әр тарабынан үлкен сынға ұшырады.

Бірақ, біз біле бермейміз. Хиллари АҚШ-тың саяси әрі экономикалық бағытындағы біраз шараға бастамашы болды. Ол әлемде экстремизм мен терроризмге қарсы ортақ стратегия әзірлеу керек дейтін бір адам.

АҚШ пен Ресейдің арасындағы қарым-қатынастың салқындауы сол кезден басталған және әлі жалғасып келеді.

Хиллари ханымның тұсында АҚШ пен Қазақстанның арасындағы қарым-қатынас оң бағытта жүрді. Экономикалық және мәдени шараларға жан бітті. 2011 жылдың қаңтарында Клинтон ханымға «екі елдің арасындағы әріптестік пен достықты дамытқаны үшін» Бірінші дәрежелі «Достық» ордені табысталды. 

Ол Ресейдің көрші елдерге әскери-саяси және экономикалық қысымын күшейте түсерін баяғыдан айтып жүр. 2012 жылдың желтоқсанында Дублиндегі ЕҚЫҰ-ның отырысында былай деді:  «Кеңестендіру («советизация») Кедендік одақ пен Еуразиялық одақтың астарында жасырулы. Қателік жібермеуіміз керек. Біз мұндағы мақсатты (Ресейдің) жақсы білеміз. Бұл процеске кедергі келтіру және оны болдырмаудың тиімді жолын табамыз».
Жеб Буш та, Майкл Хакаби де, тәжірибелі Берни Сандерс те АҚШ-тың қоғамдық саяси өмірінде соншалықты ықпалға ие емес. Олардың имиджі және халықаралық саясаттағы беделі төмен.

СОНЫМЕН...

[caption id="attachment_10688" align="alignright" width="440"]Clinton 2016 Clinton 2016[/caption]

Иә, сонымен, Хиллари сайлауға түсетінін мәлімдеді. Біздіңше, бұл аламанда онымен нақты бәсекеге түсе алатын оппоненттері аз.

Ал саяси тренд демократтардың жағында емес... Жеб Буш та, Майкл Хакаби де, тәжірибелі Берни Сандерс те АҚШ-тың қоғамдық саяси өмірінде соншалықты ықпалға ие емес. Олардың имиджі және халықаралық саясаттағы беделі төмен.

Хиллари билікке келер болса, АҚШ-тың әлемдік саясаттағы лидерлік рөлін бекіте түсеріне сенімді сарапшылар. АҚШ экономикасы өрлеу үстінде және алдағы 2 жылда өрлей түспесе, құлдырамайды. Хиллари билікке келсе Обама өндіріске енгізген денсаулық сақтау бағдарламасын аяғына жеткізері анық. Бәлкім, оның командасы америкалық әлеумет пен экономикаға қатысты жаңа жобалар жасауға кірісіп кеткен де болар.

Клинтон да қатал негізі. Күштік бағытты ұстанады. 2002 жылы ол Иракқа әскер кіргізуге және Бен Ладен мен Каддафидің көзін құртуға дауыс берді. Және сол көзқарасынан таймағаны анық. Бұл тиісінше өзге ойыншылардың, оның ішінде Қытай мен Ресейдің қарсылығын тудыратыны даусыз. Бірақ, ол қиындық пен қауіптен қорықпайды. Сарапшылар «ол қайта құрудың (перезагрузка) жобасын жасап, діни фундаментализм, экстремизм және терроризмге қарсы бірігіп күресуде мұхиттың арғы жағындағы державалармен әріптестікті жандандыруға тырысады», – дейді.

ОСЫДАН 8 ЖЫЛ БҰРЫН...

Негізінде Хиллари президентікке осыдан 8 жыл бұрын дайын болған. Алайда, бұған Америка дайын емес еді. Ал әзір дайын. Алғашқы әйел президентке де, оның Ақ Үйде атқарар жұмысына да дайын. Осы жылдар аралығында ол өзіне ат жасады, мықты имидж, берік саяси база қалыптастырды. Оның «Ready for Hillary» электоральды компаниясы тарихқа енері анық.

«Ready for Hillary» сайлауалды компаниясы қарапайым американдықтар мен олардың дәстүрлі құндылығын басты орынға қояды. «Американдықтарға күн сайын (?) олардың мүддесін қорғайтын адам керек. Мен сол адам болғым келеді. Сіз де бұған үлес қоса аласыз. Сіз алға жүре аласыз және алда бола аласыз. Отбасы берік болғанда ғана – Америка да берік болады».

Бүгінгі күні оған (Клинтон ханымды айтамыз) АҚШ халқы да, саяси элита, тіпті әлем де дайын. Хиллари дәуірі жақын...

10942489_10205518116866565_243410516775486586_nЖандос ТЕМІРҒАЛИ, саясаттанушы,


Арнайы «Қала мен Дала» газеті үшін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар