Хуторлық Қасымбаевқа қатысты істе тағы бір жәбірленуші пайда болды

Көркем Алдабергенова 13 нау. 2025 10:22 375

Хасан Қасымбаевқа қатысты істе тағы бір жәбірленуші пайда болды. Бұл туралы бірінші жәбірленуші Арман Әлімовтің адвокаты мәлімдеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz Massaget.kz-ке сілтеп.

Бұған дейін Хасан Қасымбаевқа қатысты адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау деректері бойынша тергеу басталған болатын.

"Ұрлау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру Арманға қатысты, ал бопсалау басқа жәбірленушіге қатысты", - деді адвокат Әлішер Әлішев.

Ол осылайша бұл іс бойынша екі жәбірленуші барын растады.

Адвокат Әлішер Әлішев Хасан Қасымбаев қазір уақытша ұстау изоляторында отырғанын мәлімдеді. Оған ҰҚТ құру және басшылық ету бойынша айып тағылмаған.

"Тергеу аяқталғанын және іс материалдарымен танысу процесін күтеміз. Тергеу жүріп жатыр, нәтижелерін күтеміз", - деді адвокат Әлішер Әлішев.

Еске салайық, Хасан Қасымбаевтың қамауға алынған болатын. 

Кейін полиция мәлімдеме жасап, Хасан Қасымбаевтың ұсталуы - Шерзаттың өліміне байланысты емес екенін хабарлады.

ПД мәліметінше, Қасымбаев 2 қарашада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Ол азамат Арман Алимовті ұрлап, денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінген.

Оқиға 2021 жылдың маусымында болған. 

"Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр. Іс материалдары бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберілді", - деді бұған дейін Алматы облыстық ПД өкілдері. 

Ермұхамет Ертісбаев ағасы әкімдікте жұмыс істеген ауданда Хасан Қасымбаевтың табысқа қалай кенелгенін құқық қорғау органдары тексеруі керек деп мәлімдеді.   


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар