АҚШ президенті Дональд Трамп екі жылға жуық жалғасқан соғысты тоқтату жөніндегі ультиматумын ішінара қабылдаған ХАМАС әрекетін құптай отырып, Израильден Газа секторын бомбалауды «дереу» тоқтатуды талап етті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Трамп мұны «тұрақты бейбітшілікке қарай жасалған қадам» деп атап, мұның бүкіл Таяу Шығыстағы көптен күткен ымыра екенін атап өтті.
"ХАМАС-тың жаңа ғана жариялаған мәлімдемесіне сүйене отырып, мен оларды тұрақты БЕЙБІТШІЛІК-ке дайын деп санаймын. Израиль Газа секторын бомбалауды дереу тоқтатуы керек, сонда біз кепілге алынғандарды қауіпсіз әрі тез босата аламыз! Шалт әрекеттер қазір тым қауіпті. Біз алда егжей-тегжейлі пысықталуы керек мәселелер бойынша қазірдің өзінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл арада тек Газа емес, Таяу Шығыстағы көптен күткен бейбітшілік туралы сөз болып отыр", - деп жазды АҚШ президенті әлеуметтік желіде 2025 жылдың 4 қазанында.
Бұған жауап ретінде Израиль кепілге алынғандарды босату жоспарының бірінші кезеңіне дайындалып жатқандарын жариялады, бірақ бомбалауды тоқтату үшін қандай талап қойылатындығын нақтыламады, деп хабарлайды The Guardian.
Бұл мәлімдемелерге қарамастан, Израильдің Газаға шабуылдары жалғасуда. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Ремаль мен Хан Юнис аудандары қарулы шабуылдарға ұшырауда. Ал Газа халқы келіссөздер туралы хабарды зор қуанышпен қабылдап, қатты қуанысты. Олар соғыстың тез аяқталуынан үмітті.
Трамптың жоспары атысты тоқтатуды, кепілге алынғандар мен тұтқындарды айырбастауды, Израиль әскерлерін аумақтан біртіндеп шығаруды, басқаруды тәуелсіз Палестина билігіне беруді және гуманитарлық көмекті арттыруды көздейді.
4 қазанда таңертең ХАМАС барлық кепілге алынғандарды босатуға және Дональд Трамптың жоспарына сәйкес Газа секторын басқарудағы өзгеріске келісті.