Халықаралық операция: Қазақстанның әуежайлары мен вокзалдарында тексеріс күшейтіледі

Халықаралық операция: Қазақстанның әуежайлары мен вокзалдарында тексеріс күшейтіледі
ашық дереккөз

Алматыда есірткі тасымалының халықаралық арналарына қарсы операция басталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының "Канал" өңірлік есірткіге қарсы операциясы аясында "Канал – Каспий шамшырағы" субөңірлік операциясы басталды.

Операцияға Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы құзыретті органдарының уәкілетті өкілдері қатысады.

"Операцияның негізгі мақсаты – есірткінің заңсыз айналымын анықтау және олардың жолын кесу, есірткінің мемлекеттік шекаралар арқылы тасымалдануына жол бермеу, сондай-ақ, есірткі бизнесіне қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне қарсы іс-қимыл жасау", - деді ІІМ өкілдері.

Операция аясында көлік инфрақұрылымы нысандарында, соның ішінде әуежайларда, теңіз және өзен порттарында, теміржол тораптары мен станцияларында іздестіру, бақылау-тексеру және жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізу көзделген.

Жүк пен багажда, жүк жөнелтілімдерінде және халықаралық пошта жөнелтілімдерінде тыйым салынған заттарды анықтауға ерекше назар аударылады.