Аманкелді Досжанов Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ол құқық қорғау органдарындағы еңбек жолын 1997 жылы Ақтауда тергеуші болып бастаған. Әр жылдары аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығының орынбасары қызметтерін атқарып, Ақтау мен Жаңаөзен қалаларындағы, сондай-ақ, Түпқараған, Қарақия, Маңғыстау және Мұнайлы аудандарындағы полиция бөлімшелерін басқарған.
2015-2018 жылдары Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасының бастығы болды. 2018 жылғы наурыздан 2026 жылғы ақпанға дейін Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды. Ал 2026 жылғы ақпаннан бастап Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.