Қазақстанда 3,9 мыңға жуық дәрігерлік орын бос тұр

Қазақстанда 3,9 мыңға жуық дәрігерлік орын бос тұр
ЖИ: Dalanews.kz

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 3,9 мыңға жуық дәрігерлік штат орны бос қалған. Оның 800-ден астамы ауылдық елді мекендерге тиесілі. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Үкімет басшысының айтуынша, 2023-2025 жылдары елдегі дәрігер тапшылығы 20,4%-ға төмендеген. Ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 28,3%-ға азайған.

Медицина мамандарын өңірлерге тарту үшін оларға баспана және қаржылай көмек көрсетіліп келеді. 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында тапшы мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 230 дәрігердің әрқайсысына 8,5 млн теңгеден төленген. Сонымен қатар 223 дәрігер баспанамен қамтамасыз етілген.

Бұдан бөлек, Үкімет медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі мен оларға берілетін кепілдіктерді реттейтін жеке заң жобасын қарастырады.