Конференцияның мақсаты - Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің ынтымақтастығын және тұрақты дамуын ілгерлету, «Жаңа жібек жолы экономикалық белдеуі» жобасы аясындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы, өзекті мәселелері және даму болашағын талқылау, халықаралық ғылыми зерттеу нәтижелерімен алмасу, мемлекеттер арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту еді.
Аталмыш конференция Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасы Бас Консулдығының қолдауымен ұйымдастырылды. Конференцияға Қытай Халық Республикасы, Ресейден келген белді ғалымдар – Чжан Цзянхуа (ҚХР, Пекин), Дейч Т.Л.(Ресей), Уаң Чжымин(ҚХР, Пекин),Ли Син(ҚХР, Пекин), Вэй Лин (ҚХР, Пекин) және Қазақстандағы Халықаралық және аймақтық ынтымақтастықты зерттеу институтынан, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанстратегиялықзерттеулеринститутынан (ҚСЗИ), Сүлеймен Демирел атындағы университеттен, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты т.б. ғылыми орталықтардан келген белді ғалымдар -Сұлтанов Б.Қ.,Хафизова К.Ш., Байдаров Е.У., Сыроежкин К.Л., Мен Д.В., т.б. қатысты .
Конференцияның пленарлық мәжілісінде ҚазҰУ бірінші проректоры М. Бүркітбаев мырза конференцияның ашылуымен құттықтап,Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасы Бас Консулды Чжан Вэй мырзаға аталған іс-шараны ұйымдастыруға ат салысқаны үшін университет басшылығы атынан алғыс білдірді. Сондай-ақ Қытай Халық Республикасы Бас Консулды Чжан Вэй мырза бүгінгі таңда елімізде жүргізіліп жатқан «Нұрлы Жол» бағдарламасы мен Қытайдың «Бір жол – бір белдеу» стратегиялық бағдарламасының өзектілігін көрсетіп, болашақта бұл екі жоба сабақтаса отырып, іске асса, үлкен жетістіктерге қол жеткізуі әбден мүмкін екендігін ата өтті.
Аталмыш конференция модераторлары – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеі қытайтану кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д., проф Н.Мұқаметханұлы және Пекин педагогикалық университеті тарих факультетінң профессоры Чжан Цзянхуа(ҚХР, Пекин)болды.
Конференция барысында қытай ғалымдары «Жібек жолының экономикалық белдеуін» жобасы өңірдегі мемлекеттер арасындағы экономикалық, саяси және гуманитарлық салаларда жақын кешенді қарым-қатынас қалыптастыруға бағытталғанын, Қазақстан президенті Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Нұрлы жол» бағдарламасы мен ҚХР төрағасы Си Цзинпиннің алға тартқан «Жаңа жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамасы өзара сәйкестік тапқанын атап көрсетіп отырды. Жібек жолы экономикалық белдеуі – бұл Жібек жолы бойындағы мемлекеттерді экономикалық дамуға біріктіретін жаһандық бастамалардың бірі болып отырғанын сөз етті.
Абилова Айжан, Шығыстану факультетінің 3 курс студенті
Шарыпқазы Нұртәліп, Шығыстану факультетінің оқытушысы