«New Silk Way - 2024 Model United Nations International Youth Conference» халықаралық жастар конференциясында зияткерлер топ жарды
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS оқушылары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткен «Жаңа Жібек жолы – 2024» БҰҰ Моделі - халықаралық жастар конференциясына табысты қатысып, үздіктер қатарынан табылды. Бұл шара Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ), Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (ҚазНАРУ) және Сиян халықаралық зерттеулер университетінің (XISU) бастамасымен ұйымдастырылып, БҰҰ Ақпараттық орталығы (ЮНИК), Алматы қаласындағы ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдігі және дипломатиялық корпус тарапынан қолдау тапты.
БҰҰ Моделі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне, Халықаралық волонтерлер күніне, ҚазҰУ-дің 90 жылдығына арналды.
Зияткерлер Орталық Азия мен Қытайдан жиналған 200-ден астам делегаттардың ішінде әлемдегі өзекті мәселелерді, соның ішінде тұрақты даму, су ресурстарын басқару, волонтерлік қызмет, Жібек жолын қайта жаңғырту арқылы өңірлік ынтымақтастықты нығайту, цифрлық дәуірде жоғары білімнің рөлі мен оның ғаламдық болашағы сынды тақырыптарды талқылады.
NIS оқушылары тұрақты даму мақсаттарына жетуге бағытталған инновациялық шешімдер әзірлеуге өз ойлары мен шешімдерін білдіріп конференция қорытындысы бойынша Рақымжанов Әлихан, Әлібек Даңық, Курманғалиева Медина, Батырбек Мансұр, Тұрсын Газиз “Үздік делегат”,”Үздік баяндама”, “Көрнекті делегат” номинацияларының жеңімпазы атанды.
Конференция соңында өткен дипломатиялық балда шетелдік дипломатиялық миссия өкілдерінің алдында Алматы қаласының химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектептің «Нұр сазы» халық аспаптар оркестрі өнер көрсетті. Оркестрдің жетекшісі – Барлыков Е.Г.