Халықаралық энергетикалық агенттігі мұнайға деген сұраныс 2030 жылы өз шыңын игеретінін болжайды

Кәмшат Тілеухан 17 мау. 2025 17:16

Ең ірі импорттаушы ел болып табылатын Қытайдың сұранысы 2027 жылы өз шыңын игеретініне қарамастан, мұнайға деген әлемдік сұраныс алдағы онжылдықтың соңына дейін арта береді. Бүгін, 17 маусымда Халықаралық энергетикалық агенттігі (ХЭА) осылай деп хабарлады. Бұл туралы Reuters жазады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Агенттік өзінің бұл болжамына арзан бензиннің болуы мен электромобильдер қолданысы баяу жүргізіліп жатуына байланысты АҚШ-тың мұнай тұтынысын әлі қолдауы негіз болатынын айтады.

ХЭА осы онжылдықта сұраныс өз шыңына жетеді деген болжамын өзгерткен жоқ. Ал бұл болжам ОПЕК өндірушілер тобының пікіріне мүлдем қайшы келеді. Мұнайға деген бір тәуліктегі сұраныс көлемі 2029 жылға қарай 105,6 миллион баррельге жетеді,  ал 2030 жылы, ХЭА-ның есебінде көрсетілгендей, аздап төмендейді. Сонымен қатар, жаһандық өндірістік қуаттылық 2030 жылға қарай тәулігіне 5 млн баррельден 114,7 млн баррельге дейін артады деп болжанады.

Израиль мен Иран арасындағы қақтығыс Таяу Шығыстан тасымал қауіп-қатерін арттырып,  бұл өз кезегінде мұнай бағасын 5% -ға жоғарлатып, бір баррель құны 74 доллардан асуына түрткі болды.  

"Іргелі көрсеткіштерге сүйене отырып, мұнай нарықтары алдағы жылдары жақсы қамтамасыз етілетін сияқты. Бірақ соңғы оқиғалар мұнай жеткізілімінің қауіпсіздігі үшін маңызды геосаяси тәуекелдер барын көрсетеді", деді ХЭА атқарушы директоры Фатих Бироль мәлімдемесінде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар