«Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша өтінімдер қабылданып жатыр

«Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша өтінімдер қабылданып жатыр
Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қонаев қаласында көшелер мен аулаларды абаттандыру мақсатында жыл сайын «Халық қатысатын бюджет» жобасы жүзеге асады, - деп хабарлайды Dalanews.kz 

Аталған жобаның басты артықшылығы – кез келген тұрғын абаттандыру бойынша әкімдіктің ресми сайтында өтінім қалдыра алады. Биыл 20 жоба жүзеге асады деп жоспарлануып отыр. Қазіргі таңда өтініштер қабылданып жатыр.

Бұл жобалардың аясында:

  1. Қаланы көгалдандыру және көріктендіру;
  2. Қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру;
  3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және т. б.) құру, жөндеу және жарықтандыру;
  4. Бордюрлерді, тас төсеніштерін ауыстыру, жарық бағаналарын жөндеу;
  5. Қоқысты жинау және өңдеу мақсатында полигондарды жою;
  6. Балалар ойын алаңдары мен түрлі сәулеттік нысандар, қоқыс жәшіктерін, демалыс орындарын (беседка) орнату және жөндеу;
  7. Аулаларда және қоғамдық орындарда спорттық алаңдар орнату, жөндеу, жарықтандыру;
  8. Тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
  9. Санитария деңгейін қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар қабылдау көзделіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр аталған жоба аясында 10 аумақ жаңартылып, тұрғындарға қолайлы орта жасалды.