Трамп Бейжіңге жетті

Трамп Бейжіңге жетті
Evelyn Hockstein / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай астанасы Бейжіңге барды. Ақ үй басшысын әуежайда Қытайдың ресми өкілдері салтанатты түрде қарсы алған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Кадрларда Трамптың ұшақтан түсіп, қытайлық шенеуніктермен қол алысып жатқанын көруге болады. Әуежай маңына Қытай мен АҚШ тулары ілініп, әскери құрмет қарауылы қойылған.

Бейжіңге Трамппен бірге АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио және президенттің ұлы Эрик Трамптың жұбайы Лара Трамп та барған.

АҚШ президентінің мемлекеттік сапары 15 мамырға дейін жалғасады. Негізгі ресми кездесулер мен іс-шаралар ертең өтеді деп жоспарланған.

Қазіргі уақытта Дональд Трамп қонақүйге барғаны хабарланды.