Үсті-басы қан-жоса: Теміртауда бала итке таланған

Үсті-басы қан-жоса: Теміртауда бала итке таланған
instagram.com/egovpress/reels/

Теміртау қаласында 12 жастағы бала итке таланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды dalanews.kz.

1 мамырда полицияға Бұқар жырау ауданы Ақтөбе ауылының 12 жастағы тұрғыны ауруханаға түскені туралы хабарлама келген. 

Бұл оқиғаға байланысты полицейлер иттің 52 жастағы иесіне қатысты әкімшілік іс қозғаған.

"Қазір қажетті тексеріс жүргізіліп жатыр. Соңғы процессуалдық шешім бала емін аяқтағаннан кейін қабылданады", - деді Қарағанды облысы ПД өкілі.

Сондай-ақ, полиция әлеуметтік желілерде тараған "иттің иесі құқық қорғау органының қызметкері" деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.