Wildberries негізін қалаушы Татьяна Ким Украинаның «Миротворец» базасына енгізілді

Wildberries негізін қалаушы Татьяна Ким Украинаның «Миротворец» базасына енгізілді
Фото: Татьяна Ким / телеграм

Wildberries маркетплейсінің негізін қалаушы әрі бас директоры Татьяна Ким Украинаның «Миротворец» сайтының дерекқорына енгізілді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның жеке деректері сайтта 1 тамыз күні кешке жарияланған. Бұған себеп ретінде Ресейге жария түрде қолдау білдіргені көрсетілген.

«Миротворец» – Украина ұлттық қауіпсіздігіне қарсы әрекеттерге қатысы бар деп танылған адамдардың жеке мәліметтері жарияланатын ашық интернет-база.

Сайттағы мәліметке сәйкес, Татьяна Кимнің тізімге енгізілуіне «Ресейдің насихатын қолдау», сондай-ақ «Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығына қол сұғу» айыптары негіз болған.

Айта кетейік, Ресейде «Миротворец» сайты экстремистік ресурс деп танылып, оның қызметіне тыйым салынған. Украина билігі бұл сайтты ресми мемлекеттік ресурс ретінде басқармайды.