Freedom Inside '26

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 1450 адамға жетті

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 1450 адамға жетті
Gaby Oraa / Reuter

Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1450 адамға жетті. Сонымен қатар, шамамен 3150 адам түрлі деңгейде жарақат алған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Табиғи апат салдарынан 12 721 тұрғын баспанасын тастап, қауіпсіз аймақтарға көшірілді. Бұдан бөлек, 68 мыңға жуық адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Қазір оларды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Зілзаладан 774 ғимарат зақымданып, жүздеген нысан толықтай қираған.

Сәрсенбі күні ел аумағында магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі күшті жер сілкінісі тіркелді. Ең ауыр зардап Венесуэланың солтүстігіндегі жағалауда орналасқан Ла-Гуайра штатында байқалған.

Құтқару жұмыстарына халықаралық қауымдастық та қолдау көрсетіп жатыр. Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригестің айтуынша, осы уақытқа дейін 24 мемлекет көмек жіберген. Олар жалпы көлемі 521 тонна гуманитарлық жүк жеткізіп, 86 кинологиялық топ пен іздестіру-құтқару және гуманитарлық жұмыстарға 2 мыңнан астам маман жұмылдырған.