Венесуэлада 25 маусымға қараған түні болған екі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2295 адамға жетті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұл туралы елдің Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригес мәлімдеді. Оның айтуынша, зардап шеккендер саны 11 267 адамға жеткен. Сондай-ақ, 13 мыңға жуық тұрғын баспанасыз қалған.
Ал БҰҰ мәліметінше, шамамен 50 мың адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Хорхе Родригестің айтуынша, олардың 30 мыңға жуығы табиғи апаттан ең көп зардап шеккен Ла-Гуайра қаласының порты аймағында болған.
Оның мәліметінше, құтқарушылар үйінді астынан 6,5 мыңға жуық адамды аман алып шыққан.
Билік өкілдері аман қалғандар саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтады. Өйткені көптеген тұрғын өз күшімен немесе туыстары мен жергілікті тұрғындардың көмегімен құтқарылған.
Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригес жер сілкінісінен қаза тапқандарды еске алу мақсатында елде жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады.
Қаралы күн 1 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де басталды.