Вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов колонияға ауыстырылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп.
Вайнерлер жазасын Павлодар облысында өтейді.
Мейіржан Төребаев "№44 мекеме" РММ-де жазасын өтеп жатыр. 13 наурыздан бастап ол ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің "Еңбек" ШЖҚ РМК "Еңбек-Павлодар" филиалында жұмысқа орналасқан.
Мейірхан Шерниязов та "№44 мекемеде" жазасын өтеп жатыр, 13 наурыздан бастап ІІМ ҚАЖК ведомстволық қызметінде "Еңбек-Павлодар" РММ-де жұмысқа орналасты.
Павлодар облысы бойынша ҚАЖД "Еңбек-Павлодар" РММ сотталғандарды жұмыспен қамтумен және тамақтандыруды ұйымдастырумен айналысады" деп түсіндірді.
Төребаев пен Шерниязов былтыр Mudarabah Capital қаржылық пирамидасы ісі бойынша сотталған болатын. 2023 жылы 23 маусымда вайнерлерден бөлек қаржылық пирамидасына қатысы бар тағы бірнеше адамға сот үкімі шықты.
Айыпталушы 12 адам. Оның ішінде, танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бар.
Төребаев пен Шерниязовтан басқа сотталушылардың барлығы дерлік Қылмыстық кодекстің 262-бабы бойынша ("Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу") кінәлі деп танылды.
Вайнерлер тек 217-бап (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен күдіктілерге бас бостандығынан айырудың түрлі мерзімдері тағайындалды.
Сот үкімі бойынша Мейірхан Шерниязов бір бап бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға, Мейіржан Төребаев та тек бір бап бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға сотталды.