Вакцина? Бұл мәселені дінге қарсы қоюға болмайды – Ақпарат министрі

Dalanews 26 мам. 2021 13:05 208

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халық алдындағы есептік кездесуінде дін өкілдерін вакциналаудың ерекшеліктері туралы сауал қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Вакцианалау мәселесін діни аспектіде қарауға болмайды деп ойлаймын. Ең бастысы, вакцинация - қазіргі жағдайдан шығуға мүмкіндік беретін жалғыз жол екенін түсінуіміз керек.

Әрине, бұл жерде ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізу маңызды.

Бұл тұрғыда Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы жақсы көмектесіп отыр. Тікелей эфирге шығып, жеке үлгілері арқылы вакциналаудың артықшылықтарын насихаттап жүр. Сондықтан, бөлінуге болмайды. Вирусты жеңу үшін екпе алғанымыз маңызды.

Әр азамат өз денсаулығына, жанындағы жақындарының, қоғамның амандығына жауапты екенін сезінгені маңызды. Тек осылай ғана бұл вирусты жеңіп, қалыпты өмірге орала аламыз», - деді Аида Балаева.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар