Үшарал-Достық жолында көліктер бір-біріне жаппай соғылған

Dalanews 15 ақп. 2026 10:40

Республикалық маңызы бар Үшарал - Достық - ҚХР шекарасы автожолында, Көктұма ауылы маңында ірі жол апаты тіркелді. Бес жеңіл автокөлік соқтығысқан, деп хабарлайды Dalanews.kz

ҚазАвтоЖол компаниясының мәліметінше, алты адам зардап шекті. Олар Алакөл аудандық ауруханасы жеткізілген. Зардап шеккендер түрлі дене жарақатын алған.

Ұлттық компания өкілдерінің айтуынша, апат болған сәтте жолдың бұл бөлігі қолайсыз ауа райына байланысты ресми түрде жабық болған. Аймақта боран соғып, қарлы бұрқасын мен нөлдік көріну тіркелген. Шектеу 13 ақпан күні күндіз енгізіліп, 17 ақпан таңертеңге дейін сақталуы жоспарланған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізушілер тыйымды және полиция бекеттерін елемеген. Олар жабық учаскені айналып өтіп, дала жолы арқылы трассаға қайта шыққан. Салдарынан бір бағытта келе жатқан көліктер соқтығысқан.

Құтқару жұмыстары кезінде қар құрсауында қалған тағы 12 автокөлік шығарылды.

Жол қызметтері жүргізушілерді енгізілген шектеулерді қатаң сақтауға және жабық учаскелерді айналып өтуге тырыспауға шақырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove