Үш ай қыр соңынан қалмаған: Шымкентте қызды қорқытқан тағы бір ер адам ұсталды

Сағыныш Сардарова 12 ақп. 2026 16:20

Шымкентте тағы бір сталкинг дерегінің жолы кесілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл оқиға қарапайым таныстықтан басталған. Олар екі айға жуық қарым-қатынаста болып, жігіт қыздың ата-анасымен де танысқан.

Кейін қыз сөйлесіп жүрген жігіт бұрын некеде болғанын біліп, қарым-қатынасты тоқтатқан. Алайда ер адам бұл шешіммен келіспей, үш айдан аса уақыт бойы қызға қоңырау шалып, хабарламалар жазып, соңынан қалмай қудалауын жалғастырған. Сондай-ақ, жәбірленушінің отбасына зиян келтіруі мүмкін екенін айтып қорқытқан.

"Жәбірленуші бұл туралы полицияға айтып, көмек сұраған. Полиция қызметкерлері бірден жедел іс-шаралар жүргізді. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деді ІІМ өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте сталкинг жасаған екі күдікті қамауға алынды. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove