Қазақстандықтар үш адамның өліміне себеп болғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған кәсіпкер Ильяс Карды «Esentai Mall» орталығында байқап қалған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
ҚАЖК-де оның қоныс-колонияда жазасын өтеп жатқанын және мекемеден заңды негізде шыққанын түсіндірді.
Ведомство қоныс-колониядағы сотталғандар жұмысқа, емделуге немесе демалысқа шығу үшін аумақтан кете алады. Кардың өтініші бойынша оған шығуға рұқсат берілген.
«Демалыста болған уақытында ешқандай құқық бұзушылыққа жол бермеді, сотталған ішкі істер органдары қызметкерлерінің бақылауында болды. Қазіргі уақытта ол мекемеге қайта оралды», – деп хабарлады ҚАЖК.
Еске салайық, 2018 жылдың желтоқсанында Қар мас күйінде Mercedes Gelandewagen көлігін жүргізіп келе жатып, Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында жол апатын жасаған. Салдарынан үш адам қаза тауып, тағы бір әйел ауыр жарақат алған. Сот оны 10 жылға колонияға қамау жазасына кесіп, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырған.