Республика аумағында медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар бәйгеге қатыса алады.
Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 30 қыркүйектен бастап 19 қазанға дейін жүзеге асырылады.
Конкуртық жұмыстар 2021 жылғы 2 маусым мен 2022 жылғы 29 қыркүйек аралығында жарияланып, басылымында, интернет-ресурста жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер бәйгенің тек екі номинациясына қатысуға құқылы.
Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 10 номинация бойынша қабылданады:
- Жылдың үздік сұхбаты
- Жылдың үздік репортажы
- Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал
- Жылдың үздік журналистік зерттеуі
- Жылдың үздік аналитикалық материалы
- Халықаралық тақырыптағы үздік материал
- Жылдың үздік жаңалықтар порталы
- Радиостанциядағы үздік жоба
- Жылдың үздік фотосуреті
- Үздік өңірлік БАҚ
Арнайы премиялар:
- Ахмет Байтұрсынов атындағы арнайы премия (баспа БАҚ-тағы жоба)
- Шерхан Мұртаза атындағы арнайы премия (авторлық жоба)
3.Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия (интернет БАҚ-тағы жоба)
Жұмыстарды құрамына беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен медиасараптаушылар кіретін сыйлықтың тәуелсіз қазылар алқасы бағалайтын болады.
Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның үздік өкіліне жеңімпаз атағы беріліп, «URKER - 2022» естелік мүсіншесі және 1 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сый табысталады.
Ұлттық бәйге ұйымдастырушылары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры.
«URKER» - баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі, аймақтардағы мультимедиялық журналистиканы дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін арттыруға, кәсіби стандарттар мен критерилерді бекітуге, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған.