"Ұрғашылар мен еркектер бірге отыруға болмайды". Тойда тосын тілек айтқан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

"Ұрғашылар мен еркектер бірге отыруға болмайды". Тойда тосын тілек айтқан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіде тойда тосын "тілек" айтқан ер адамның видеосы тарады. Кадрда ол музыка шариғат талаптарына сай емес екенін айтып, "ұрғашылар мен еркектер бірге отыруға болмайды" деген, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ішкі істер министрлігі осы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

"Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Түркістан облысының 66 жастағы тұрғынының діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бар жария мәлімдемелері қамтылған бейнежазба анықталды. Бұл дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір азаматтың жынысына, тегіне, әлеуметтік жағдайына, дінге көзқарасына және өзге де мән-жайларға қарамастан құқықтары мен бостандықтарының теңдігін қамтамасыз етеді. Адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға, діни, әлеуметтік немесе өзге де белгілері бойынша кемсітуге бағытталған кез келген жария үндеулер, сондай-ақ, қоғамдық келісім мен бірлікке нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерге жол берілмейді", - деді ведомство өкілдері.